Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Абай облысының ауыл оқушысы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

29-10-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Үржар ауданы Егінсу орта мектеп-бақшасының 11-сынып оқушысы Дарын Мустафин Азия ойындарында ІІІ орын иеленді. Олимпиада Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында балалар мен жасөспірімдер арасындағы аралас жекпе-жек (ММА) «AMMA» тұжырымдамасы бойынша өтті. Бұл жарысқа 19 мемлекеттен жас спортшылар қатысты.

Дарынның спорттық жолында халықаралық деңгейдегі жетістіктері аз емес. 2023 жылы қыркүйекте Грецияның Александруполис қаласында өткен ММА «GAMMA» әлем чемпионатында 50 кг салмақта І орын алды. 2024 жылғы ақпанда Панкратионнан Қазақстан чемпионы атанды (50 кг). 2025 жылғы сәуір–мамыр айларында Алматы қаласында өткен Панкратион және ММА «GAMMA» бойынша жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында 70 кг салмақта тағы да І орын иеленді. Ал сол жылдың тамыз айында Бахрейннің Манама қаласында өткен ММА «AMMA» Азия чемпионатында 70 кг салмақта жеңімпаз атанып, қазан айында Азия ойындарында қола медаль иеленіп, ел намысын қорғады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив