Абай облысының барлық аудандары мен қалалары тең дәрежеде дамиды
Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстың даму саясаты туралы айтып, маңызды басымдықтарды атап өтті.
Оның сөзінше, аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес өңірді дамыту тек Семей қаласымен шектелмейді. Облыс орталығымен қатар, барлық аудан мен қаланың әлеуетін арттыру, инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілетін болады.
«Абай облысы — біртұтас өңір. Сондықтан даму барлық елді мекендерді қамтуы тиіс. Ауылдардың да, аудандардың да мәселелері назардан тыс қалмайды. Бұл бағытта нақты жоспарлар бар және кезең-кезеңімен іске асырылады», – деді Ербол Садыр.
Брифинг барысында бірінші орынбасар елді мекендерді абаттандыру, жолдарын жөндеу, инженерлік желілерді жаңарту, медицина мен білім саласына қолдау көрсету бағытында бірқатар жобалар қолға алынатынын атап өтті.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ (НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ)