Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Антикор Қызылорда білім беру саласында миллиондаған жымқыру фактісін анықтады

18-04-2023, 12:15 Думан Кенжеғазыұлы

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-прцестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив