Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

«WorldSkillsAbai - 2023» бірінші өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы өтті

18-04-2023, 13:20 Думан Кенжеғазыұлы

Облыстық чемпионаттың ашылу салтанатына аудандық чемпионаттың барлық қатысушылары қатысты. Чемпионат 21 сәуірге дейін жалғасады. 

Турнирге 53 түрлі құзырет бойынша 200-ден астам колледж студенті мен 100-ден астам сарапшы, облыстың 25 колледжінен командалар қатысуда.

Шараның ашылу салтанатында Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев атап өткендей, жастарға кәсіптік білім беру – заман талабы. 

–  «WorldSkillsAbai-2023» бірінші өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатына қош келдіңіздер. Мемлекет басшысы жастардың техникалық білім алуы мен кәсіби дағдыларды меңгеруінің маңыздылығы туралы бірнеше рет атап айтып, нақты тапсырмалар берді. Сондықтан жұмысшы мамандықтарының маңызы зор. Чемпионат жастарды әлемдік трендтер мен стандарттар деңгейінде кәсіби қызметке дайындауға көмектеседі. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Нұржан Ахметқалиев.

Чемпионат облыстағы 8 құзырет орталығы мен жетекші колледждер базасында өтіп, бірнеше күн ішінде білім мен құзіреттіліктің түрлі салалары бойынша үздік командалар анықталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив