Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.47 613.75 6.56

Еңбек министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ведомство басшысы Светлана Жақыпованың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Отырыста аумақтық департаменттердің қызмет нәтижелері, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру және өңірлерде Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мәселелері қаралды.

Кеңес басында Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Сайда Ілімжанова баяндама жасады. Ол биылғы жылдың тоғыз айындағы негізгі қызмет бағыттарына талдау жасап, оның ішінде мүгедектік, оңалту, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және инфрақұрылым нысандарын бейімдеу мәселелеріне тоқталды.

Оның айтуынша, өңірде бастапқы мүгедектік деңгейінің өсу қарқыны төмендеп, оңалту іс-шараларының сапасы артып келеді және қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

«Біз әлеуметтік қызметтердің сапасына бақылауды жүйелі түрде күшейтіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттырудамыз. Әлеуметтік нысандарды бейімдеуге ерекше көңіл бөлінуде – облыс бойынша Интерактивті картаға енгізілген нысандардың 83%-ының қолжетімділігі қамтамасыз етілді», – деді Сайда Ілімжанова.

Кеңес барысында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Жарылқасын Айтаковтың – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау шаралары жөніндегі, Еңбек министрлігінің заң қызметі департаментінің директоры Серік Берқамаловтың – нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша, сондай-ақ министрдің кеңесшісі Фарида Сағындыққызының – өңірлерде Бірыңғай цифрлық платформаны енгізудің аралық нәтижелері жөніндегі есептері тыңдалды.

Министр Светлана Жақыпова мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жүйелі үйлестірудің, процестерді цифрландырудың және әлеуметтік қызметтердің сапасын ұдайы арттырудың маңыздылығын атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық департаменттерге нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив