Қостанай облысының полицейлері заңсыз еңбек мигранттарын анықтады
Өзбекстан мен Тәжікстанның 21 азаматы Қостанай облысында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырып келген.
Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің және Қарабалық ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу барысында ауданда салынып жатқан объектіде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Өзбекстан Республикасының 16 азаматын және Тәжікстан Республикасының 5 азаматын анықтады.
Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар ағымдағы жылдың наурыз айында келген. Бұл ретте уәкілетті орган беретін еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тиісті рұқсаты болмаған. Жұмыс беруші рұқсат құжаттарынсыз шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдаған.
Қарабалық аудандық сотының шешімімен Өзбекстан мен Тәжікстанның 21 азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, түрлі жазалар қолданылды:
– 17 шетелдікке 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынды,
– 2 шетелдік азамат 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды,
– Өзге елдің 2 азаматы Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарылды.
Заңсыз көшіп-қонушыларды жұмысқа қабылдаған жұмыс берушіге 100 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілік түріндегі жазаға тартылды.
Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінде 2023 жылдың 3 айында Қостанай облысының аумағында елде болу ережелерін бұзғаны үшін 236 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын нақтылады. Қазақстан Республикасынан 20-дан астам шетелдік азамат шығарылды. Қазақстан Республикасының 234 азаматы ішкі істер органдарына шетелдік азаматтардың келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қос азаматтықтың 18 дерегі анықталды.