Иран Шархан Корея Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Чой Енгсаммен кездесті
14-ші сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан Корея Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Чой Енгсаммен кездесіп, екі мемлекеттің арасындағы экономикалық байланысты нығайтудың жолдарын талқылады.
Атап айтқанда, тараптар өнеркәсіп, азаматтық авиация және геология салаларындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту мен нығайту мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ екі елдің ресми өкілдері сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі Қазақстан-Корея үкіметаралық комиссиясының X отырысын өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде И.Шерхан Корея Республикасының геологиялық зерттеулер және минералды ресурстар институтымен (KIGAM) байланысты күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті.
Ч.Енгсам пайдалы қазбаларды өндіру, геология және минералды-шикізаттық ресурстар саласындағы Қазақстанмен арадағы интеграциялық процестерді одан әрі тереңдетудің маңыздылығы жоғары екенін айтты.
Бұл ретте ҚР ИИДМ басшысының орынбасары өнеркәсіп саласындағы әріптестік Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты қатынастардың негізгі бағыты болып саналатынын ерекше атады.
Сонымен бірге кореялық тарап Астана – Сеул бағытты бойынша әуе рейстерін ашуға ниетті екендерін жеткізді.
Кездесудің қорытындысына сәйкес екі жақіскерлік әңгімеге ризашылықтарын жеткізіп,аталған мемлекеттердің қарым-қатынасы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.