Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
502.6 589.95 6.5

Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

6-11-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Меритократия қағидатына сәйкес Ыдырышева Гүлнұр Ниязбекқызы Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Абай облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Ол 2012-2015 жылдары Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінде аудармашы, инспектор, жетекші маман, 2015-2022 жылдары Семей қаласының ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қараша айына дейін Абай облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру-әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Айта кету керек, Президенттің 2024 жылғы 17 шілдедегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығында мемлекеттік қызметті дамыту қағидатының бірі – меритократия деп нақты көрсетілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив