Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

ІҚМ бұқашықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды

6-11-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Сыртқы сауда қызметі және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2025 жылғы 8 қазандағы отырысында Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың (ІҚМ) бұқашықтарын әкетуге тыйым салу қажет болған жағдайда, ВАК-қа шығармай, шараны одан әрі автоматты түрде ұзарту мүмкіндігімен алты ай мерзімге ұзарту мақұлданды.

Осыған байланысты, ҚР АШМ 04.11.2025 ж. № 416 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы қабылданды.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын қосымша жүктеу мақсатында уақытша тыйым салынды.

Бұйрық 2025 жылғы 5 қарашадан күшіне енді.

Бұйрықпен сілтеме арқылы танысуға болады: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/216488/kaz.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив