Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ең үздік қол жетімді техникалар анықтамалықтар бекітілді

14-03-2024, 16:17 Мадина Айдарова

Ең үздік қол жетімді техникалар бойынша реформа қоршаған ортаға теріс әсерді азайтудың маңызды және тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-санаттағы ірі кәсіпорындардың (ТОП-50) ЕҚТ қолданумен байланысты кешенді экологиялық рұқсаттарға (бұдан әрі – КЭР) міндетті түрде көшуі көзделген.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ЕҚТ-ның 16 анықтамалығын әзірлеп, бекітті.

Анықтама:

1) 09.2023 ж. № 821 ҚР ҮҚ «Бейорганикалық химиялық заттар өндірісі» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300000821

2) 10.2023 ж. № 941 ҚР ҮҚ «Цемент және әк өндірісі» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300000941

3) 10.2023 ж. № 921 ҚР ҮҚ «Мырыш және кадмий өндірісі» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300000921

4) 11.2023 ж. № 998 ҚР ҮҚ «Қорғасын өндірісі» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300000998

5) 11.2023 ж. № 999 ҚР ҮҚ «Мыс және бағалы металл өндірісі-алтын» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300000999

6) 11.2023 ж. № 1024 ҚР ҮҚ «Мұнай мен газды қайта өңдеу» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001024

7) 12.2023 ж. № 1101 ҚР ҮҚ «Түсті металдар кендерін өндіру және байыту (бағалы металдарды қоса алғанда)» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001101

8) 12.2023 ж. № 1202 ҚР ҮҚ «Мұнай және газ өндіру» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001202

9) 12.2023 ж. № 1203 ҚР ҮҚ «Ферроқорытпа өндірісі» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001203

10) 12.2023 ж. № 1251 ҚР ҮҚ «Темір кендерін (қара металдардың өзге де кендерін қоса алғанда)өндіру және байыту» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001251

11) 12.2023 ж. № 1199 ҚР ҮҚ «Шойын және болат өндірісі» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001199

12) 12.2023 ж. № 1201 ҚР ҮҚ «Көмірді өндіру және байыту» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001201

13) 12.2023 ж. № 1200 ҚР ҮҚ «Алюминий өндірісі» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001200

14) 12.2023 ж. № 1252 ҚР ҮҚ «Қара металдарды одан әрі қайта бөлу бұйымдарын өндіру» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300001252

15) 01.2024 ж. № 24 ҚР ҮҚ «Шаруашылық және (немесе) өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі энергетикалық тиімділік» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2400000024

16) 01.2024 ж. № 23 ҚР ҮҚ «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отынды жағу» https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2400000023

ЕҚТ бойынша анықтамалықтар қазіргі заманғы процестер мен технологияларды ғана емес, сонымен қатар жаңғырту, қоршаған ортаны сауықтыру және Ұлт денсаулығы үшін өте маңызды экологиялық–экономикалық аспектілерді де ашады.

Белгіленген технологиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіндт қағидаттары мен тетіктерге көшу нәтижесінде әрбір сала бойынша жинақталған бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Бекітілген ЕҚТ анықтамалықтары негізінде КЭР беру жоспарлануда. ҰДТ-ны кәсіпорын жұмысының практикасына енгізу өндірістік процестің экологиялылығын қамтамасыз етуге, негізгі қорлардың жай-күйін жақсартуға және қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ЕҚТ бойынша анықтамалықтарға 16 қорытынды әзірленді және бекітілді.

Анықтама:

1. 03.2024 ж. № 161 ҚР ҮҚ «Темір кендерін (қара металдардың өзге де кендерін қоса алғанда) өндіру және байыту», «түсті металдар кендерін (бағалы металдарды қоса алғанда) өндіру және байыту», «мұнай мен газды қайта өңдеу», «энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отынды жағу», «ферроқорытпалар өндірісі» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша қорытындыларды бекіту туралы

2. 03.2024 ж. № 159 ҚР ҮҚ «Алюминий өндірісі», «мұнай және газ өндіру», «қара металдарды одан әрі қайта бөлу бұйымдарын өндіру», «көмір өндіру және байыту», «шойын және болат өндірісі», «шаруашылық және (немесе) өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі энергетикалық тиімділік» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша қорытындыларды бекіту туралы

3. 03.2024 ж. № 160 ҚР ҮҚ «Цемент және әк өндірісі», «қорғасын өндірісі», «бейорганикалық химиялық заттар өндірісі», «мыс және бағалы және металл - алтын өндірісі», «мырыш және кадмий өндірісі» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша қорытындыларды бекіту туралы

2024 жылға Министрлік ЕҚТ бойынша 4 анықтамалық әзірлеуді жоспарлап отыр:

1) «Титан мен магний өндірісі»;

2) «Атмосфералық ауаға және су объектілеріне ластаушы заттар эмиссияларының мониторингі»;

3) «Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелерінің сарқынды суларын тазарту»;

4) «Негізгі органикалық химиялық заттар мен полимерлер өндірісі».

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив