Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровпен кездесу өткізді
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және автомобиль, теміржол, машина жасау мен металлургия сияқты негізгі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Роман Скляр Қазақстанның өнеркәсіптік кооперацияға, кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыруға және екі елдің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған Ресей Федерациясымен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Тараптар әріптестік байланыстарды дамыту және өнеркәсіп саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.