Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында 2024 жылға арналған мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелері және 2025 жылға арналған облыстың даму бюджетінің III-ші тоқсан қорытындысы, «Мемлекеттік органдардың ашықтығы» және «Жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер сапасын операциялық бағалау» сияқты мәселелер қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Абай облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Айжан Ысқақова, Абай облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы, қаржы басқармасының басшысы Гүлфайрус Серікболова баяндады.

Абай облысында мемлекеттік басқару тиімділігі мен ашықтықты арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Әкімдік қызметі кешенді түрде бағаланып, даму жоспарының орындалуы мен әлеуметтік көрсеткіштердің өсуі тұрақты бақылауда. Инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және әлеуметтік саланы жетілдіру негізгі басымдықтар ретінде
белгіленді.

«Ашық бюджет» және «Ашық диалог» бағыттарында да мониторинг жүйелі жүргізіліп келеді. Биыл өңірде 185 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүргізілуде. Қаржының мақсатты және уақтылы игерілуі әкімдіктің бақылауында. Бұл шаралар өңірдің тұрақты дамуы мен халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Жиында аймақ басшысы қала-аудан әкімдері мен басқармаларға бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру кезінде тәртіпті қатаң сақтап, даму жоспары аясындағы жобаларды уақтылы әрі сапалы орындауды, құрылысы жүріп жатқан нысандардың мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив