Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.3 538.07 5.41

Көкпекті ауданында 17 абаттандыру жобасы жүзеге асты

11-11-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданында елді мекендерді абаттандыру және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2024 жылы жалпы құны 20,9 млн теңгені құрайтын екі жоба жүзеге асырылды. Ажа ауылында воркаут алаңы және Көкпекті ауылында спорт алаңы салынды.

2025 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, жалпы құны 222,2 млн теңгені құрайтын 17 жоба іске асырылды. Оның аясында Биғаш, Үлкенбөкен, Жансары, Преображенка, Черноярка, Үкіліқыз, Теректі, Үшкөмей, Ақой, Қарамойыл, Толағай және Көкпекті ауылдарында балалар ойын алаңдары, ал Биғаш, Ақой және Үлгілімалшы ауылдарында шағын футбол алаңдары ашылды.

Жобалар жергілікті тұрғындардың ұсыныстары негізінде әзірленіп, ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталды. Нәтижесінде аудан бойынша балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге және бұқаралық спортты дамытуға жаңа мүмкіндік туды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив