Өңір басшысы Көкпекті ауданының тұрғындарымен кездесті
Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданының жұртшылығымен кездесті. Жиын барысында ауданды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты мәселелер талқыланды.
Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің артқанын көрсетеді. Мәселен, ет өндіру көлемі 5,6%-ға, сүт – 3,5%-ға, жұмыртқа – 2,6%-ға, тері – 7,3%-ға өсті. Ірі қара мал саны 2,8%-ға, қой 1,3 %-ға, ешкі 9%-ға, жылқы 10,4 %-ға артты.
«Облысты дамытудың кешенді жоспары аясында биыл 1543 гектар аумақта «Елімай Көкпекті» ЖШС суару жүйелерінің құрылысы аяқталды. 2026 жылға қарай тауарлы-сүт фермасын 400 басқа ұлғайтып, сүт, ірімшік, айран өңдейтін зауыт ашу жоспарланған», – деді облыс әкімі.
Бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері баса назарда. Көкпекті ауданында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр.
«Биғаш, Қарамойыл, Мамай, Шәріптоғай, Шұғылбай ауылдарына су құбыры желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында Көкпекті ауылында орталық қазандық салу жоспарланған. Биғаш, Көкпекті, Көкжайық, Тассай, Теректі, Преображенка, Үлкенбөкен, Үлгүлімалшы, Шұғылбай ауылдарының көшелерін жарықтандыру мәселесі де шешімін табады», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Көкпекті ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы шеңберінде Үлгүлімалшы ауылында 1 фельдшерлік-акушерлік пункт пен Шәріптоғай, Мамай, Биғаш, Қарамойыл, Үшкөмей ауылында 5 фельдшерлік пункт салу жоспарланған.
«Көкпекті ауылында 60 орындық жазғы сауықтыру лагерінің құрылысы басталып, 3 мектепте күрделі жөндеу және 60 орындық әлеуметтік мектеп-интернат ғимаратында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Кездесу соңында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізілді. Азаматтардың көтерген сұрақтарына байланысты тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берілді.