Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

Астанада қызметтік ит автокөліктен есірткі тауып алды

13-11-2025, 12:46 018.kz

"Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысын әшкереледі. "Күйгенжар" бекетінде полицейлер BMW көлігін тоқтатып, тексеру жүргізді. Тексеру кезінде қызметтік ит – Байкал көлік салонында тыйым салынған зат бар екенін сезіп, белгі берді.

Бар болғаны бес минуттың ішінде иттің қырағылығының арқасында полицейлер автокөліктен есірткіге ұқсас зат – гашиш тәркіледі. Оқиға орнында 33 жастағы күдікті азамат есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша ұсталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Астана қаласы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында қазіргі таңда 50-ден астам қызметтік ит бар. Олардың басым бөлігі есірткі мен жарылғыш заттарды іздеуге, із кесуге және қылмыс іздерін анықтауға бейімделген.

Байкал есімді ит – ротвейлер тұқымына жатады. Ол 4 жылдан бері полиция қатарында. Негізгі міндеті – есірткі заттарын іздеу. Байкал иіс сезуді ойын тәсілі арқылы үйренген, және өзінің дәлдігі мен табандылығы арқылы бірнеше қылмыстың ашылуына үлес қосқан.

Полиция азаматтарды заңсыз есірткі айналымына қарсы күреске бейжай қарамауға, күдікті деректер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив