Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.94 502.32 5.52

Абай облысының спортшылары дзюдодан аралас командалық жарыста чемпион атанды

13-11-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. 10-13 қараша аралығында өткен жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 569 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Бұл айтулы сайыста Абай облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Маңғыстау облысы 1 орынды (3 алтын, 1 күміс), Абай облысы 2 орынды (2 алтын, 4 күміс, 3 қола), Атырау облысы 3 орынды (2 алтын, 2 күміс) иеленді.

Өңір дзюдошылары аралас-командалық сында Жамбыл, Жетісу, Қызылорда облыстары мен Астана қаласының командаларын жеңіп, чемпион атанды.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері алдағы халықаралық жарыстарда ұлттық құраманың сапында ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив