Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау бойынша ынтымақтастығын арттырады

19-04-2023, 12:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне (Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшыларының IV кеңесіне қатысты.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанға Үндістаннан ШЫҰ-ға төрағалық беріледі. Төрағалық етудің күн тәртібі экологиялық және энергетикалық күн тәртібінің міндеттерін шешу үшін мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігеріне бағытталатын болады.

«22 жыл ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы ықпалды халықаралық институтқа айналды. Қазақстан ШЫҰ аясындағы көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға маңызды мән береді. Өзара ынтымақтастық пен сенім, прагматизм және мүдделер теңгерімін сақтау қағидаттарына негізделген. Бұл қағидаттар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және экологиялық өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін шешу үшін берік іргетасын құрады», - деді министр.

Қатысушы елдердің өкілдері өз сөздерінде әлем табиғаты  бұрын-соңды болмаған жабайы қауіп-қатерлерге тап болғанын және осы қауіптерді жою үшін ұлттық жағдайларды, саясатты және басымдықтарды ескере отырып, жаһандық ұжымдық шараларды қабылдау қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ табиғатқа қарсы қылмыстардың, соның ішінде орман өрттерінің, қорғалатын жабайы фауна мен флора түрлерінің заңсыз саудасын алдын алу үшін бірлескен күш-жігер жұмсалмақ.

Сонымен қатар, жаһандық деңгейде климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Министр сөз соңында: «Бүгінгі кездесу ШЫҰ-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін жетілдіру және мемлекет басшыларының алға қойған міндеттерін іске асыру үшін жақсы серпін болатынына сенімдімін», - деп атап өтті.

Ол барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив