Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.19 606.42 6.47

Мәжіліс еңбек құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын қарайды

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Бірінші оқылымда депутаттардың бастамасымен әзірленген қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіруге және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобаларын қарау ұсынылады.

Құжатта Еңбек және Әлеуметтік кодекстерге, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгеріс енгізіледі. Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерде еңбек жөніндегі уәкілетті органның өкілеттігін кеңейту, жалақы төлеу және келісу комиссияларының жұмысы туралы нормаларды жетілдіру, сондай-ақ еңбек қызметінің белгілері болған кезде азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға тыйым салу қарастырылған.

Әлеуметтік кодексте жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде әкелердің жас балаларға күтім жасау кезінде жұмыс істемеген уақытын еңбек өтіліне қосу ұсынылады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесін айқындау тәртібі нақтыланады.

Екінші оқылымда талқылау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мақсатымен әзірленген заңнамалық жаңашылдықтар ұсынылады.

Жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заң жобасы да енгізілді. Бұл құжат академиялық және кәсіби ұтқырлықты кеңейтуге, дипломдарды, дәрежелерді және өзге де біліктіліктерді тануды жеңілдетуге, сондай-ақ оларды бағалау кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Жалпы отырыста Мәжіліс 1996 жылғы 16 қаңтардағы Иран Ислам Республикасының Үкiметiмен арадағы қосарланған салықты болдырмау  және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмге өзгертулер енгізілген хаттаманы ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа алатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив