Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әділет министрінің төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

19-04-2023, 13:17 Думан Кенжеғазыұлы

Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

ВАЖТ отырысының жұмысына жекелеген министрліктердің, ғылыми сектордың және азаматтық қоғамның өкілдері тартылды.

Қылмыстық заңнаманың жекелеген нормаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен дипломатиялық корпус әртүрлі диалог алаңдарында ұсынған болатын.

Отырыс барысында:

- ҚК-тың 50-бабында сот белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырған кезде бірлестіктердің бостандығына кепілдіктер белгілеу;

- азаматтық-құқықтық дау шеңберінде осындай істерді қарау мүмкіндігіне байланысты қорлағаны үшін қылмыстық жауаптылықты қылмыссыздандыру;

- «Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу» ҚК-тың 145-бабы шеңберінде кемсітушілік әрекеттерді нақтылаудың орындылығы;

 - азаматтық-құқықтық дау шеңберінде осындай істерді қарау мүмкіндігіне байланысты жала жапқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау;

 - егер іс-әрекеттерде ҚК-тың 274-бабының қылмыстық-жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді;

- «Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу» ҚК-тың 405-бабының ережелерін нақтылау мәселелері талқыланды.

Отырыс халықаралық ұсынымдар мен құқық қолдану практикасын ескере отырып, терең талдауға негізделген ғылыми қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың әріптестік өзара іс-қимыл процесінде жан-жақты және ашық талқылау кезінде өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері мәселелерге қатысты жалпы көзқарастарын айтып, оның шешу жолын талқылады. Осы мәселені қарау ВАЖТ-ның келесі отырыстарында өз жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив