Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

New York Film Academy Kazakhstan-да Ашық есік күні өтті

18-11-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қаскелеңде кино, медиа және креативті индустрия саласында білікті мамандарды даярлайтын NYFA Kazakhstan-да ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында қонақтар кампусты аралап, болашақ шығармашылық алаңның инфрақұрылымы мен атмосферасымен танысты. NYFA Kazakhstan басшылары оқу бағдарламаларын, кампус концепциясын және студенттерге арналған мүмкіндіктерді таныстырды.

Қатысушылар сондай-ақ оқытушылар мен шақырылған сарапшылар өткізген шеберлік сағаттарына қатысып, кәсіби шығармашылық ортаға ену мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, Қазақстандағы NYFA филиалы – Орталық Азиядағы әлемге танымал американдық кино мектебінің жалғыз филиалы. Жаңа кампус Energo University және Dala Edge креативтік паркі негізінде құрылды.

Филиалда АҚШ-тан арнайы келетін NYFA кәсіби лекторлары Кино (Filmmaking), Продюсерлік (Producing), Сценарист (Screenwriting), Анимация және визуалды эффектілер (3D Animation & VFX), Ойын әзірлеу (Game Design) бес бағыты бойынша жүргізеді.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив