Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

ЖАҢА АДАМДАР ТЕК «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНДА

15-03-2023, 09:36 018.kz

ЖАҢА АДАМДАР ТЕК «RESPUBLICA»  ПАРТИЯСЫНДА

Елімізде Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың ұсынған реформалары аясында көппартиялық жүйе қалыптасты. Жаңа адамдармен жаңа қадамдарға жол салуды көздеп отырған жаңа партиялардың бірі - «Respublica»  партиясы. 

«Respublica»  партиясы – ресми түрде 18 қаңтар күні тіркеуден өтіп, 25 қаңтарда барлық облыстарды филиалдары ашылды. Абай облыстық филиалы Семей қаласының Бозтаева көшесі 17е мекен-жайы бойынша ашылды.

Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі, жаңа уақыт, жаңа мүмкіндіктер басталды!

Біз, патриот кәсіпкерлер, ел тағдырына алаңдайтын нақты іс адамдары, алдағы жылдары өткеннің қателіктерін түзету керек деп есептейміз.

Жаңа мүмкіндіктерге жігерлене отырып, біз өзгерістер жолына түскен елімізге пайдалы болғымыз келеді және осы жолда Парламентке бет алдық. Бұл - Жаңа Қазақстан!

Біз елімізде болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарап, шетте қала алмаймыз.

Мыңдаған кәсіпкерлерден құралған әрқайсымыз, елді жақсы жаққа өзгертуге ниеттіміз және дайынбыз. 

Партияның Абай облыстық филиалы 19 наурызда өтетін ҚР Парламентінің Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларына 17 кандидат тіркеп үлгерді. Олардың ішінде Абай облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша: 

1.     «Respublica»  партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы – Алмас Айтмұқаш;

2.     «Respublica»  партиясы Абай облыстық филиалының тең төрағасы – Арман Ахметканов;

3.     «Respublica»  партиясы Абай облыстық филиалының тең төрағасы – Мақсат Мазибаев;

4.     «Respublica»  партиясы Абай облыстық филиалының тең төрағасы – Ерлан Жакупов;

5. Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК механикаландыру және автокөлік қызметінің басшысы – Жарқын Амерханов;

6.     «Абай облысы Бесқарағай ауданының Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры – Айнаш Аменова;

7.     Жеке кәсіпкер – Дана Байгалиева;

8.     «СемейВет» ЖШС директоры -Раиса Аралбекова.

Абай облыстық мәслихат депутаттығына бірмандатты округтер бойынша:

1.     №4 сайлау округінен (№ 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 133, 134, 147 сайлау учаскелері) кандидат – Шынар Хасенова.

2.     №10 сайлау округінен (Ақсуат, Көкпекті аудандары) кандидат – Айдос Касымов;

Семей қалалық мәслихат депутаттығына бірмандатты округтер бойынша:

1.     №1 сайлау округінен (№1,2,3,4,5,127сайлау учаскелері) кандидат – Асет Матаев;

2.     №2 сайлау округінен (№9, 7, 8, 10, 11 сайлау учаскелері) кандидат – Асқар Абдуллин;

3.     №6 сайлау округінен (№24,26,27,31,28сайлау учаскелері) кандидат – Азат Кусаинов;

4.     №16 сайлау округінен (75, 78, 77, 85, 76 сайлау учаскелері) кандидат – Ермек Мурумбаев;

5.     №19 сайлау округінен (№93, 95, 96, 94, 97сайлау учаскелері) кандидат – Савет Исабеков.

Ақсуат аудандық мәслихат депутаттығына бірмандатты округтер бойынша:

1.     №5 сайлау округінен (№184сайлау учаскесі) кандидат – Ержан Қоңыртаев.

2.     №6 сайлау округінен (№185сайлау учаскесі) кандидат – Қайыржан Жуматов;

Біздің кандидаттар алғашқы күндерден бастап өз учаскелерінде үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп, халықпен кездесіп жүр. 

Біздің ойымызша, партияның сайлауалды бағдарламасы «тірі құжат» болуы тиіс. Қордаланған мәселелердің түйіткілді мәселелерін шешу үшін нақыт қадамдармен бірге халықтың ұсыныс-тілектері қашан да бірінші орында болуы қажет. Осылайша, біз бүгінгі күннің өткір мәселелерін бүгін шешуге ынталанып отырмыз. 

Біздің басты мақсат - қазіргі әлем жағдайына бейімделу үшін білім беру жүйесін жаңғырту – «Restart: Education».

«Respublica»  партиясының сайлауалды бағдарламасы талқылауға және ұсыныстарға әрдайым ашық: https://re3.kz/reg?re=Abay 

Әрбір кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан таныса аласыздар!

19 НАУРЫЗ ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДЕ «RESPUBLICA»  ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ! БІЗДІҢ БЮЛЛЕТЕНДЕГІ САНЫМЫЗ - №3!

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТАҒЫ МҰРАТ - ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ БОЛУҒА ТИІС.

Шығарған: «Abay Media Group» ЖШС-і. Тапсырыс беруші: А. Айтмұқаш, Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Respublica» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

#REspublica2023 https://www.instagram.com/respublica_abay/ 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив