Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
440.86 500.77 5.27

200 студентке ауызашар қоржыны берілді

19-04-2023, 16:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен Семейдегі жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан 200 студентке ауызашар қоржыны таратылды. «Ауызашар себеті» акциясы барысында жатақханаға орналасқан шалғай ауылдардан келген жастар мен қандас бауырларымыз қамтылды.

«Рамазан айы бұл тек ішіп-жеуден тыйылу емес. Ең бастысы, бұл айда бойымызға рухани тазалық, барлық нәрсеге төзімділік таныта білу, кешіруді үйрену және басқа адамдарға зиян келтірмеу, жақсылық жасауға тырысу, адамгершілік, мейірімділік, ізгілік -ізеттілік, имандылық  сынды асыл қасиеттерді жиюға, сіңдіруге тырысайық. Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!», – деді Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі Рашид Бейсов.

Ыстық ас пен тәттілер салынған қоржынды алған жастар жақсы істің басы-қасында жүрген жандарға ризашылықтарын білдірді. Аталған акцияны дәстүрге айналдырып келер жылы да Рамазан айының қарсаңында өткізу жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив