Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
521.01 603.43 6.42

Сенаторлар алқабилер институтын дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданарлық сотына барып, «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау: құқық қолдану практикасы мәселелері» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді.

Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров өз сөзінде алқабилер соты азаматтардың әділ соттың жұмысына қатысуының маңызды көрінісінің бірі екенін және мемлекеттің демократиялық негіздерін айғақтайтынын атап өтті. Ол алқабилердің қатысуымен соттар қарайтын істер санатын кеңейту сот жүйесін демократияландыруға және оған қоғамның сенімін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

«Алқабилер институты соттардың қызметін жетілдіру, әділ соттың сапасын арттыру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту үшін зор маңызға ие. Алқабилерді іріктеу рәсімін жетілдіру, олардың тәуелсіздігі мен уәждемесінің кепілдіктерін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру аса маңызды», - деді Нұрлан Бекназаров.

Отырысқа қатысушылар талқылау барысында алқабилер институты қылмыстық сот ісін жүргізудің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуде негізгі рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар алқабилердің қатысуымен өтетін қылмыстық сот ісін жүргізудің қолданыстағы үлгісінде тараптардың жарыспалылығы және тең құқықтылығы қағидаттарын нығайту үшін реформалаудың ықтимал бағыттарына баса назар аударылды. Сондай-ақ, алқабилер институтын одан әрі дамыту сот жүйесін демократияландыру, ашықтықты қамтамасыз ету және құқық үстемдігін нығайту үшін зор маңызға ие екені атап өтілді.

Отырыс жұмысына Жоғарғы Соттың, Сот әкімшілігінің, Астана қаласы соттарының, Парламентаризм институтының және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив