Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

ҚТЖ-ның әлеуметтік жобасы «Болашағымыз - бірлікте!» HR форумында үздік деп танылды

19-04-2023, 16:40 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің өкілдері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында өткен HR форумына қатысып, HR-қоғамдастыққа табысты іске асырылған жобаларды таныстырды.

«Корпоративтік мәдениет» секциясына қатысқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің бас менеджері Саян Сыздықов бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде босатылған қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға бағытталған жоба ұсынып, оны HR сарапшыларымен бірегей деп бағаланды.

 Бұл жоба жұмыс берушінің әлеуметтік-жауапты қызметі ретінде  «Самұрық-Қазына» АҚ Кадрлық саясаты қағидатына сәйкес келеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жобасы «Болашағымыз – бірлікте!» HR форумында үздік деп танылды және Human Capital Days ірі салалық форумына одан әрі қатысу үшін жолдама алды. Теміржолшылар ұсынған тағы екі жоба саланың ең перспективалы бастамалары ретінде атап өтілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару жөніндегі HR бизнес-серіктесі Алма Сәулебаева «Оқыту және дамыту» секциясының модераторы болды.  Аталған секцияда «Шеберлер қазынасы академиясы» құзыреттілігін дамыту жобасымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева сөз сөйледі. Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның  операциялық тиімділігін және қауіпсіздік мәдениеті деңгейін арттыруға, техникалық оқуға жауапты тұлғалардың жауапкершілігі мен құзыреттілік деңгейін көтеруге бағытталған.

«Кадрлық процестерді автоматтандыру» секциясына қатысқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының (КҚО) бас менеджері Венера Гиметдинова «Тиімді кадрлық бизнес-процестер» жобасын таныстырды.

КҚО бірыңғай тәсілдер мен бірегей IT жүйелерін қолдану арқылы күнделікті процестерді жүзеге асыруда ауқымды тиімділікке қол жеткізу үшін құрылды. Қайталанатын қосалқы бизнес-процестер әрбір филиалдан шығарылады және бір орталықта шоғырланады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив