Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
519.98 600.06 6.6

Мемлекет басшысының атынан халықаралық Silk Way Star музыкалық жобасының қатысушылары марапатталды

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан халықаралық Silk Way Star музыкалық жобасының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын марапаттады.

Музыка өнеріндегі жарқын жетістіктері мен халықтар достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Silk Way Star жобасының жеңімпазы Мишель Джозеф (Моңғолия) ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар қатысушы мен ұйымдастырушы Президенттің Алғыс хатына ие болды.

Ерлан Қарин жобаның басты ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің телерадио кешеніне және Қытайдың China Media Group (CMG) медиакорпорациясына ризашылық білдірді.

Мемлекеттік кеңесші Silk Way Star музыкалық конкурсы халықаралық жоба ғана емес, халықтар арасындағы шынайы достық пен нағыз шығармашылық алаңына айналғанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив