Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
518.4 598.13 6.55

Абай облысында «Jas Sarbaz Chees Cup» облыстық шахмат турнирі өтті

Бүгін, 10:09 018.kz

Семей қаласында «Jas Sarbaz Chees Cup» облыстық шахмат турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Абай облысының барлық аудандарынан келген жас зияткерлерді бір алаңға жинады. Турнирге қатысқан оқушылар жеті айналымнан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өзара бақ сынап, үздік ойыншыларды анықтады.

Интеллектуалды дода барысында қатысушылар қарсыластарымен шебер ойын өрнегін көрсетіп, турнир көрермендері мен қазылар алқасын тартысты партиялармен тәнті етті. Жарыс нәтижесінде облыс намысын республикалық деңгейде қорғайтын үздік ұлдар мен қыздар анықталды. 

Жалпы командалық есепте Мақаншы ауданы топ жарып, 1 орынды иеленді. Жекелей нәтиже бойынша қыздар арасында Шырын Нұржанқызы үздік шықты, ал ұлдар арасында Никита Глухов бірінші орынға ие болды. 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар және кубоктармен марапатталып, республикалық турнирге жолдама алды.

«Jas Sarbaz Chees Cup» жас буын арасында шахмат спортын дамытуға, логикалық ойлау қабылетін арттыруға және оқушыларды жаңа биіктерге ынталандыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив