Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
518.4 598.13 6.55

Көкпекті ауылында «Толағай» белсенді өмір орталығы ашылды

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауылында тұрғындардың сұранысына сәйкес жаңа «Толағай» белсенді өмір орталығы ашылды. Бұған дейін ауыл тұрғындары бос уақытты тиімді өткізуге және спортпен жүйелі айналысуға арналған арнайы орынның жоқтығын бірнеше рет көтерген еді. Енді бұл мәселе шешімін тауып, ауыл халқы үшін қолжетімді әрі заманауи нысан пайдалануға берілді.

Жаңа орталықта:
• заманауи жүгіру жолақтары;
• гирлер;
• велотренажерлер;
• әйелдерге арналған арнайы фитнес аймағы;
• жуыну бөлмелері қарастырылған.

«Толағай» орталығы бір уақытта 40–45 адамды қабылдай алады. Нысан аптасына алты күн жұмыс істейді. Ерлер мен әйелдерге арналған күндер бөлек ұйымдастырылған.

Жаңа спорт орталығы тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын дамытуға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив