Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
518.4 598.13 6.55

Қала тазалығына бақылау күшейеді

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Әділет Қожанбаев қоқыс шығаратын мердігер ұйым басшысымен кездесу өткізді. Жиынға тиісті бөлім басшылары, инспекторлар және полиция басқармасының өкілі қатысты.

Кездесу барысында қала аумағынан қоқысты уақытылы шығару, қоқыс алаңдарына бейнебақылау камераларын орнату, тұрғындардан келіп түсетін шағымдарға жедел әрекет ету мәселелері жан-жақты талқыланды.

Әділет Қожанбаев қала тұрғындары тарапынан қоқыстың уақытында шығарылмауы мен тазалықтың сақталмауына қатысты шағымдар жиі түсетінін атап өтті. Және инспекторлар өздеріне қарасты аумақтардың қазіргі жағдайы туралы баяндады.

«Қаланың тазалығы үшін барлық жауапты құрылымдар бірлесе жұмыс істеуі қажет. Полиция қызметкерлері, инспекторлар және мердігер ұйым бір бағытта әрекет етуі тиіс. Бүгінгі отырыстың нақты нәтижесі болуы керек. Тазалық бойынша оң динамика көрсету үшін барынша қызмет атқарайық», – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, әкім инспекторларға полиция қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Жиын соңында жауапты бөлімдерге нақты міндеттер жүктелді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив