Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

Жастарға мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа тетіктері түсіндірілді

20-04-2023, 11:57 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылғы сәуір айында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің аумақтық департаменттерімен жоғары оқу орындарында студенттермен кездесулер өтті.

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою және одан «шығу» тәртібін жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Енді оқу орнын мемлекеттік грантпен үздік бітірген, оқуда жоғары көрсеткіштерге (GPA 3,33-ден жоғары) жеткен түлектер аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алады.

Сондай-ақ Агенттік мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау тәртібін толық цифрландыру арқылы конкурстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге онлайн режимде, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив