Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

АӨСШК-те халықаралық ұйымға трансформацияның практикалық қадамдары талқыланды

20-04-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Аға лауазымды тұлғалар комитетінің (АЛТК) отырысы бейнеконференция форматында өткізілді.

Қазақстан төрағалығы АӨСШК Хатшылығымен бірлесіп әзірлеген Кеңесті трансформациялау бойынша қажетті шаралардың Жол картасының жобасын талқылау АЛТК отырысының күн тәртібіндегі басты мәселе болды.

АЛТК төрағасы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Жол картасы жобасы 2022 жылғы қазанда Астанада өткізілген АӨСШК 6-шы Саммитінің қорытындылары бойынша қабылданған АӨСШК трансформациясы жөніндегі Астана мәлімдемесіне сәйкес әзірленгенін атап өтті.

Қ. Тумыш «Жол картасы АӨСШК-нің ұйымдастырушылық құрылымын одан әрі нығайту арқылы Кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағытталуы тиіс» деп баса айтты. АӨСШК трансформациясының ықтимал тақырыптық бағыттары бойынша ұсыныстар егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Кездесу барысында мүше мемлекеттер АӨСШК сенім шаралары каталогын жүзеге асыруды жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты, ынтымақтастықтың басым бағыттарында тұжырымдамаларды талқылады.

АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай «Жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер» өлшемі бойынша сенім шараларын іске асыру туралы хабардар етті, АӨСШК Хатшылығының 2022 жылға арналған қаржылық есебін, АӨСШК-нің екі жылдық кезеңге арналған қаржылық-шаруашылық қызметінің тексерісі бойынша аудитордың есебін таныстырды, сондай-ақ АӨСШК қорының жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Форумның танылуын арттыру мақсатында Төрағалық 2021 жылғы маусымда Астанадағы Президент саябағында алғаш рет қаланған «АӨСШК аллеясы» науқанын мүше мемлекеттердің ел ордаларында жалғастыруды ұсынды.

АЛТК отырысының нәтижесінде 2023 жылға арналған Талдау орталықтары форумының жылдық жоспары және «Тұрақты даму» басым бағытының үйлестірушісі ретінде Таиланд Корольдігі осы салада әзірлеген Тұжырымдама бекітілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив