Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
513.45 596.99 6.59

«Жалғыз арша» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы басталды

Кеше, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен, Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның 80 жылдық мерейтойы аясында өтетін «Жалғыз арша» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы салтанатты түрде шымылдығын түрді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген дәстүрлі ән өнерінің дүлдүлдері Әміре Қашаубаевтың рухы сезілетін сахнада бас қосып, өздерінің әншілік шеберлігі мен орындаушылық өнерін паш етуде.

Ұлттық қазынаны ұлықтайтын бұл байқау — жас таланттардың танылуына, дәстүрлі ән өнерінің жаңа биіктерге көтерілуіне мүмкіндік беретін маңызды мәдени шара. Көпшілік қауым ұлттық өнердің мерейін өсіретін тартысты да тағылымды доданың куәсі болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив