Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Теміржолшылар үшін санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайлары жақсартылуда

20-04-2023, 15:20 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да 2023 жылға арналған әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі болып табылатын және өндірістегі қызметкерлердің еңбек пен демалыс жағдайларын жақсартуға бағытталған Жол картасы бекітілді.

Оның шеңберінде елдің әр өңірлеріндегі санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы объектілердің (душ, киім-кешек бөлмелері, тамақтану бөлмелері, санитарлық тораптар және басқалар) ағымдағы жөндеуден өткізілуі жоспарланған. Сондай-ақ, Ақмола, Павлодар, Өскемен, Қызылорда бөлімшелерінің және Атырау мен Маңғыстау кіші бөлімшелерінің локомотив бригадалары демалыс үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұдан басқа, өндірістік қызметкерлердің тамақтану бөлмелеріне тұрмыстық техника (тоңазытқыштар, микротолқынды пештер, ауа баптағыштар) сатып алу жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив