Өңірлік БАҚ-қа қолдау күшейеді – Дархан Қыдырәлі
Астанада өтіп жатқан өңірлік мерзімді басылымдар форумында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі аймақтық БАҚ-қа қатысты біршама іргелі жобалар бар екенін айтты.
Министр аймақтағы басылымдарды қаржыландыру тетігі мен ережелерін қайта қарастырып жатқанын айтты.
«БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын жеңілдетуге мүдделіміз. Атап айтқанда, жергілікті БАҚ-ты қолдау тарифтері 2019 жылдан бері өзгермегені белгілі. Соған байланысты біз тарифтерді ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар жобалық тәсілде өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жергілікті БАҚ-қа жаңа серпін беріп, оң әсер етеді деген үміттеміз», - деді Дархан Қыдырәлі.
Сонымен бірге министр өңірлік басылымдардың сайттарын жасау және қолдау, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану бойынша әдістемелік көмек көрсетілетінін, масс-медиа туралы жаңа заң аясында басылымдардан қосымша құн салығы алынып тастау қарастырылып жатқанын айтты.
Айта кету керек, форумға еліміздің әр өңірінен 200-ден астам делегат қатысты. Екі күн бойы түрлі сессиялар, мастер-класстар, тағылымды талқылар ұйымдастырылды.
Тағыда оқыңыз
Шәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІӘлихан Смайылов Үкіметтің 2023 жылға арналған басым міндеттерін белгіледіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ2022 жылдың қорытындысы бойынша Цифрлық министрлікте кеңейтілген алқа отырысы өтті