Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

KEGOC деректерді жинау және жедел бақылау автоматты жүйесін жаңғыртуға кіріседі

20-04-2023, 17:24 Думан Кенжеғазыұлы

«KEGOC» АҚ диспетчерлік аппараттық-бағдарламалық кешен – деректерді жинау және жедел бақылау автоматты жүйесін (SCADA/EMS) жаңғырту бойынша жаңа жобаны іске асыруды бастады. Жоба аясында қолданыстағы технологиялық жүйе отандық FACEPLATE бағдарламалық платформасына ауыстырылады. Бұл отандық мамандар әзірлеген жаңа платформа. Жоба KEGOC меншікті қаражатына іске асырылуда, оны аяқтау мерзімі 2025 жылға жоспарланған.

«KEGOC» АҚ «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалының директоры Ералы Шынасыловтың айтуы бойынша, аталмыш жаңғырту Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесін диспетчерлік басқару тиімділігін және электр энергиясы нарығы субъектілерін бақылауды арттыруға бағытталған.

- Қазіргі уақытта KEGOC-тағы SCADA/EMS жұмыс істейтін аппараттық платформасы өз ресурсын әзірледі. Сондықтан келешектегі міндеттерді шешу және компанияның қазіргі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оның ішінде ЖЭК-те генерацияны кеңінен дамыту, теңгерімдеуші нарықты енгізу, технологиялық жүйелер мен «ақылды» желілердің элементтерін енгізу үшін компания SCADA/EMS аппараттық-бағдарламалық кешенін жаңғыртуда, - деп атап өтті ол.

АНЫҚТАМА:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) активтерін иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компанияның еншісінде ҰЭТ құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км, кернеуі 220-1150 кВ болатын электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы станциясы бар. Компания туралы толығырақ ақпарат www.kegoc.kz корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив