Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Қазақстан мен БҰҰ волонтерлік саладағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

4-12-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Халықаралық волонтерлер жылы қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері БҰҰ Волонтерлер бағдарламасы (UNV) делегациясымен кездесті.

Кездесуде волонтерлік саладағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ толық қаржыландыру бағдарламасы аясында БҰҰ-ның халықаралық жобаларына қатысып жүрген қазақстандық еріктілерге арналған бағыттар және бірлескен бағдарламалардың жаңа форматтары, соның ішінде білім беру бастамалары қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Айта кетейік, Халықаралық волонтерлер жылының ресми ашылуы 5 желтоқсанда Нью-Йорктегі БҰҰ Бас штаб-пәтерінде өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив