Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлының Ораза айт мейрамымен құттықтауы

21-04-2023, 06:00 018.kz

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті Абай облысының мұсылман қауымы!

Сіздерді қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Айт қабыл болсын!

Алла Тағала құдси хадисте: «Пенделерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…» – деп сүйінші хабар жеткізген. Жаратушы Иеміз сіз бен біздің қуанышты күндерімізді еселей түссін. Жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрамда отбасыларыңызға бақыт пен береке, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

Ораза айт – отбасылық мереке. Осы күндері ата-анамызды, ұл-қыздарымызды, аға-бауырларымызды қуанышқа кенелтіп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен мүгедек жандарға көмектесудің сауабы мол. Сондықтан, айт мерекесі қарсаңызда баршаңызды жақсылық жасауға, қайырымдылықпен айналысуға барынша көңіл бөлуге шақырамыз.

Раббымыз рамазаннан рамазанға дейін айдан аман, жылдан есен жеткізе берсін! Алла Тағала дұға-тілегімізді, қасиетті айда жасаған қайырлы амалдарымызды, берген зекет пен пітір садақамызды қабыл еткей! Әумин!

Асқар Әбітайұлы

Абай облысының бас имамы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив