Астанада ЕЭО-тің карантиндік фитосанитариялық шаралар жөніндегі Кішікомитетінің отырысы өтті
Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының техникалық, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі Консультативтік комитетінің карантиндік фитосанитариялық шаралар жөніндегі Кішікомитетінің отырысы Астанада өтті.
Іс-шараға ЕЭО өкілдері, ЕАЭО мүше мемлекеттерінің уәкілетті органдарының мамандары қатысып, Одақтың фитосанитариялық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған өзекті бастамаларды талқылады.
Отырыс барысында қатысушылар карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы нормативтік реттеуді және бақылау тетіктерін одан әрі дамытуға ықпал ететін негізгі мәселелерді қарастырды.
Қатысушылар атап өткендей, қадағалану жүйесін енгізу карантинге жатқызылған өнімнің қозғалысын ашық көрсетіп, қауіпті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуы қаупін төмендетеді және жеткізу тізбегінің барлық кезеңдерінде бақылауды күшейтеді.
Талқылау барысында фитосанитариялық бақылау процестерін цифрландыру, ведомствоаралық деректер алмасуды кеңейту, мониторингті жетілдіру бойынша ұсыныстар таныстырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, ішкі нарықтың қауіпсіздігін нығайтуға және халықаралық талаптарға сай заманауи реттеу тетіктерін енгізуге бейілді екенін растады.