Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
514.74 599.36 6.71

Абай облысында оқушыларға есірткі мен интернет қауіпсіздігі бойынша сабақ ұйымдастырылды

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Семей қаласындағы №40 орта мектеп оқушыларына профилактикалық сабақ өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — жасөспірімдерді есірткі айналымына тартудың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Полиция қызметкерлері оқушыларға есірткі құралдарын тұтыну мен таратуға байланысты негізгі қауіптерді түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар мұндай құқық бұзушылықтар үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке ерекше тоқталды. Басқарма мамандары "жасырын қоймалар" тақырыбына жеке назар аударды.

Бұл әдісті интернет арқылы есірткі таратушылар жиі қолданатыны айтылды. Оқушыларға "курьер" немесе "жасырын қоймалар жасаушы" ретінде қатысудың өзі ауыр қылмыс болып саналатыны, оған нақты бас бостандығынан айыру жазасы көзделетіні ескертілді.

Сондай-ақ күмәнді хабарландыруларды анықтау, "жеңіл табыс" ұсынатын ұсыныстарға алданып қалмау және мұндай жағдайларды ересектерге немесе полицияға дереу хабарлау қажеттігі түсіндірілді. Сабақ барысында интернеттегі қауіпсіздік мәселелері де қаралды: жасөспірімдерге мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде құқыққа қарсы әрекеттердің құрбанына айналмаудың жолдары, күмәнді сілтемелерге өтпеу және күдікті хабарламаларға дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке қауіпсіздік бойынша практикалық ұсынымдар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив