Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
514.74 599.36 6.71

«Семей тазалық» мекемесі сынға қалды

Бүгін, 13:31 018.kz

Семей қаласында тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесі өзекті болып отыр. Қала тұрғындары қоқыстың жинақталып қалуына, арнайы контейнерлердің толып кетуіне, кей аудандарда бірнеше күн қатарынан мүлде тазаланбайтынына шағымдануда. Осыған байланысты «Семей тазалық» мекемесінің жұмысы қоғам тарапынан сынға алынуда.

Бұл мәселеге қатысты шаһар басшысы Әділет Қожанбаев тұрғындардың талап-тілегінің орынды екенін атап өтті.

«Қала тазалығы бойынша бұл бірінші жиналыс емес. Алайда мәселелер әлі де бар. Мердігер ұйымдардың жұмыс сапасы сын көтермейді. Тұрғындардан келіп түскен шағымдар азаймай отыр. Белгіленген талаптар толық орындалмай, қоқыс уақытылы шығарылмай, қала тазалығы тиісті деңгейде сақталмай отыр», – деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, қалада санитарлық жағдайды реттеу үшін мердігер компаниялардың жауапкершілігін көтеру, техникалық мүмкіндіктерін арттыру және бақылау шараларын күшейту қажет.

Айта кетейік, облыс әкімі Берік Уәли қала мен аудан әкімдеріне тазалық мәселесін ерекше бақылауда ұстап, нақты тапсырмалар берген болатын. Аймақ басшысы тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту жергілікті атқарушы органдардың бүгінгі басты міндеттерінің бірі екенін айтқан.

Ендігі кезекте қоғам тарапынан бақылау күшейіп, жауапты мекемелердің жұмысына талап қатаңданбақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив