Абай гарнизоны жас сарбаздармен толықты
Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының жас сарбаздары Абай гарнизонына қарасты 30217 әскери бөліміне шақырылды. Әскерибөлім табалдырығын алғаш аттаған сарбаздар бөлімдегі лауазымды тұлғалармен, сондай-ақ олар қызмет өткеретін әскери бөлімнің құрылу тарихымен танысты.
Әскери бөлімде жас сарбаздардың келуіне барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Тәжірибелі офицерлер мен білікті сержанттар сарбаздарға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесіп, әскери іс негіздерін үйретеді. Жас сарбаздар жаңа жағдайларда бейімделу үшін жалпы әскери дайындық бағдарламасынан өтеді. Бағдарлама барысында күнделікті қызметтік іс-әрекеттің түрлері мен әскери дағдыларды игереді.Әскери даярлық бағдарламасы аяқталғаннан кейін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер салтанатты түрде әскери ант қабылдайды.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі