Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Астанада бейбітшілікті нығайту тақырыбына арналған халықаралық дөңгелек үстел отырысы болды

22-04-2023, 10:20 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев Бейбітшілік жолындағы көпжақтылық және дипломатия күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Шара бейбітшілікті және саяси, идеологиялық, экономикалық және діни қарама-қайшылықты реттеудің бейбіт жолдарын нығайту жөніндегі бастамаларды насихаттауға, жанжалдарды шешудің дипломатиялық әдістері мен күрделі әлемдік процестерге ұжымдық тіл табысу тәсілдерін ілгерілетуге бағытталған.

Ғалиасқар Сарыбаев дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде күрделі мәселелерді шешуде көпжақтылық пен дипломатия негізгі құрал болып табылатынын атап өтті.

«Біздің еліміз тәуелсіздік жылдарында халықаралық аренадағы позициясын нығайтты, бейбіт және ашық мемлекет ретінде орнықты. Қазақстан сыртқы саясатта ұлттық мүддені қорғауды және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдын алу тетігін әзірлеуді көздейтін тепе-теңдік бағытын жүргізіп келеді. Біз сенімді әріптес және халықаралық тиімді диалог алаңы мәртебесін тұрақты түрде сақтап келеміз», - деп атап өтті сенатор.

Дөңгелек үстел жұмысына белгілі мемлекет қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың басшылары, қазақстандық сарапшылар, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Суретті түсірген: Б. Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив