Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
513.55 602.09 6.42

"Halyk Орманы" 2025 жылдың ең ірі экологиялық жобасы болып танылды

Бүгін, 16:10 018.kz

"Halyk Орманы" жобасы 2025 жылы Қазақстанда іске қосылған ең ірі әлеуметтік бағыттағы орман егу бағдарламасы ретінде танылды.

Бұл – Ranking.kz аналитикалық басылымның жасаған қорытынды нәтижесі. Онда орман алаңдарының өсу динамикасы мен еліміздің табиғи капиталының қалпына келуіне әсер етілген үлесі қарастырылған.

Орман алаңдарының ұлғаюы – тұрақты үрдіс

Ranking.kz мәліметтеріне сәйкес, кейінгі жылдары Қазақстанда орман алаңдарының ұлғаюы тұрақты үрдіске айналған. Табиғи-климаттық шектеулер мен орман аумақтарының аз болуына қарамастан, бұл оң өзгеріс жүйелі мемлекеттік бағдарламалар мен бюджеттен тыс ресурстарды тарту арқылы жүзеге асырылып отыр.

Аналитикалық материалда бұл үдерісте мемлекеттік органдармен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан ірі жеке және қайырымдылық бастамаларының рөлі арта түскені айтылады.

"Halyk Орманы" – көлемі мен қамтуы бойынша ең ірі бастама

Ranking.kz мәліметінше, "Halyk Орманы" жобасы отырғызу көлемі, іске асырылу аумағы және бағдарламаның ұзақ мерзімді сипаты секілді негізгі көрсеткіштер бойынша елдегі орманды қалпына келтірудің ең ірі жеке бастамасы ретінде ерекшеленеді.

Жоба аясында бес жыл ішінде 4 миллионнан аса көшет отырғызу жоспарланған, соның ішінде Іле-Алатау ұлттық паркі, "Семей орманы" табиғи резерваты және елорданың жасыл белдеуі сияқты экологиялық тұрғыдан маңызды аумақтарды қамтылады. Бағдарлама ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылады.

Орман қорын қалпына келтіруге жүйелі қадам

Ranking.kz мәліметінше, ең үлкен экологиялық нәтиже ауқымды әрі жүйелі жобалар арқылы ғана болады. Яғни мұндай жобалар ағаш отырғызумен шектелмей, жұмысты кезең-кезеңімен жүргізеді, көшеттердің отырғызылуын бақылайды және кейінгі күтім жасайды. Мұндай тәсіл бір реттік акция емес, уақыт өте тұрақты орман алқабын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, шолуда қайырымдылық жобалар мен жеке бастамалардың қатысуы мемлекеттік орман шаруашылықтарының жұмысын күшейтіп, басым аумақтарда орманды қалпына келтіру процесін жеделдетуге ықпал ететіні атап өтіледі.

Экологиялық тұрақтылық – ұзақ мерзімді басымдық

Ranking.kz дерегінше, Тимур Құлыбаевтың Halyk қорының «Halyk Орманы» жобасы бүгінде Қазақстандағы орман отырғызу бойынша ең ірі бастама саналады. Жобаны іске асыру ел көлемінде орман алқаптарын көбейту, экожүйелерді қалпына келтіру және Қазақстанның ұзақмерзімді экологиялық тұрақтылығын қалыптастыру бағытын күшейтеді.

Климаттық сын-қатерлер күшейіп, антропогендік жүктеме артқан қазіргі кезде мұндай бастамалар – Қазақстанның табиғи капиталын сақтауға және көбейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив