Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Хатшылығында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктеріндегі ақпараттық құрылымдар басшыларының жыл сайынғы консультациялары өтті.
Кездесу барысында мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының баспасөз қызметтері өкілдерінің ҰҚШҰ Хатшылығымен Ұйым қызметін ақпараттық тұрғыдан сүйемелдеу мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысты мәселелер қаралды.
Сондай-ақ жалған ақпарат пен фейктердің таралуына қарсы іс-қимыл, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын дұрыс мақсатта пайдалану мәселелері бойынша мазмұнды тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Тараптар өзекті ақпараттық материалдармен жедел алмасуға ерекше назар аудару жөнінде уағдаласты.
Осы тұрғыда қатысушылар ҰҚШҰ-ның беделін нығайту және танымал ету мақсатында медиа кеңістіктегі практикалық ынтымақтастықтың мақсаттарын жан-жақты талқылады.