Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Облыс әкімі үндістандық инвесторлармен кездесті

24-12-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Kazakhstan Silicon Alloys» компаниясының басқарушы директоры Паниграхи Бхакта Кишор бастаған шет елдік делегациямен кездесті.

Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында орналасқан сауда және консалтингтік компания өкілдері кездесуде Семей және Курчатов қалаларында ферросилиций зауытын салғысы келетіндерін айтты. Жалпы инвестиция көлемі 500 миллион АҚШ долларын құрайды.

Инвесторларға зауытты іске қосу үшін 100 гектар жер учаскесі және тиісті инфрақұрылым қажет. Өндіріс озық экологиялық стандарттарға сай жүзеге асырылады.

Аймақ басшысы үндістандық инвесторлармен жобаны бірлесе жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті.

«Абай облысы – тоғыз жолдың торабында орналасқан, логистикалық жағынан да, өндірістік әлеует тұрғысынан да өте қолайлы өңір. Курчатов қаласының болашағы зор. Семей қаласында жаңа ықшам аудан салуды бастап жатырмыз. Облыста жаңа, заманауи зауыттың салынғанын қалаймыз. Облыс әкімдігі тарапынан жан жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив