Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚТЖ-да үздік рационализаторлар аталды

22-04-2023, 17:43 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2022 жылғы «Үздік рационализатор» байқауының қорытындысы шығарылды.

Компанияның әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінен 14 рационализаторлық идея ұсынылды.

Бірінші орынды Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Қазбек-Жарылғасын Оспанов және Павлодар белгі беру және байланыс дистанциясының учаске бастығы Бауыржан Бабатаев иеленді. Олар вагондарды дөңеске алдынғы жағымен шығарған кезде вагондардың жылжуы туралы жұмысшыларды хабардар ету үшін дыбыстық хабарландырулар орнатуды ұсынды.  

Екінші орынға «ҚТЖ» ҰК АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Курорт - Бурабай рельс дәнекерлеу кәсіпорнының қызметкерлері ие болды. Жол машиналарын жөндеуші Александр Кунников, ТҚП бастығы Владимир Грей және инженер-технолог Андрей Никифоров техникалық құралдардың сенімділігін арттыруға бағытталған рацұсыныс жасады.

Конкурс жеңімпаздары тізімінде локомотив бригадаларын оқытуға арналған бейне-тренажер әзірлегені үшін Жаңа-Есіл локомотив пайдалану депосының бастығы Константин Цой және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Қостанай бөлімшесінің инженер - технологы Темірлан Заткен тежегіш башмакка арналған вандалға қарсы фиксатор-ұстағышы үшін үшінші болып енді. 

 Белгіленген рацұсыныстар авторлары ақшалай сыйлықақылармен марапатталады.

2022 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да барлығы 687 рацұсыныс енгізілді. Оның ішінде 33 идея компаниялар тобының 96 желілік филиалында таратылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив