«Қазақтелеком» 2022 жылғы қызметінің оң нәтижелерін жариялады
Еліміздің ірі телеком-операторы өзінің ішкі жиналысында 2022 жылғы қызметінің қорытындысын жасады: аудиттен өтпеген шоғырландырылған есеп нәтижелерінде «Қазақтелеком» компаниясының тобы өткен жылы бірінші және екінші жартыжылдықта болған бірқатар келеңсіз оқиғалар салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, барлық негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерде өсім байқалады.
Бүгінгі таңда ішкі телекоммуникация нарығының барлық сегменттерінде қызметтер мен сервистердің кең таңдауын: белгіленген телефония, кең жолақты интернет желсін, ұялы байланыс, ақылы телевизия және ІТ-өнімдер ұсынатын «Қазақтелеком» компаниясы Қазақстанныңтелекоммуникациялық нарығындағы сөзсіз көшбасшысы саналады. Республика бойынша 85 мың шақырымнан асатын талшықты-оптикалық байланыс желісі, 14 мың базалық станциясы, 27 мәлімет өңдеу орталығы және 40 мың қалалық бейнебақылау камералары бар дамыған және қуатты инфрақұрылым компанияның бәсекелестіктегі шүбәсіз артықшылығы болып саналады. Бұл инфрақұрылым компания тобына кең жолақты қатынау секторында 1,8 млн астам, ұялы байланыс сегментінде 14,4 млн артық абонентке сапалы қызмет көрсетуге және ақылы телевизияның 917,5 мың нүктесіне қосылуға мүмкіндік береді.
«Өткен 2022 жыл компания үшін оңай жыл болмаса да, жалпы алғанда біз үшін барынша жемісті болды. Өздеріңіз білетіндей, бірінші тоқсанда, қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде абоненттерді қолдау үшін біз бұрын соңды болмаған шешім қабылдадық, қыркүйектің басында ұқсас шаралар қолданылып, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында ауқымды өрман өртінен зардап шеккен тұрғындар менкәсіпкерлерді байланыс қызметтері үшін абоненттік төлемнен босатылды. Мұнымен бірге өткен жылды қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жылы деп жариялағандықтан, компания өз қызметкерлерін қолдауға жәнеәл-ауқатын жоғарлатуға қомақты қаржылық ресурстарды бағыттады. Барлық шаралар жылдың басындағы және ортасындағы қаржылық көрсеткіштерге әсер етпей қоймады, бірақ төрт тоқсанның қорытындысы бойынша біз теріс ауытқуларды жойып,таза кіріс бойынша көрсеткішті айтарлықтай жақсарта алдық», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Ол2022 жылдың үшінші тоқсанында «Қазақтелекомның» өзінің қаңтар-қыркүйектегі кірісі 88 млрд теңгеден асқанын, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,4% артқанын, онда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға және бірінші тоқсанда абоненттерді қолдауға байланысты компанияның таза кірісі 13% төмендегінін еске салды. Компания тобының шоғырландырылған табысы осы кезеңде 9,8% өсіп, EBITDA табыстылық көрсеткіші 9 ай бойына 46% деңгейінде сақталды. «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директоры Людмила Атамұратова аталған оң үрдіс жалпы 2022 жылы сақталғанын, толық есеп аудиттен өткеннен кейін жарияланатынын атап өтті.
«Күрделі қаржы шығындарының көлемділігіне қарамастан, өткен жылы біз компанияның өтімділігінің қолайлы деңгейін сақтап қалдық. Біздің қолымызда яғни баланста, ашық несие желісі бойынша пайдалануға болатынқомақты қаржы болды. Бұл тұста біз валюталық тәукелге ұшыраған жоқпыз, өйткені компаның барлық міндеттері теңгеде көрсетілді – бұл факторларды 2022 жылы біздің рейтингті «Тұрақты» деңгейде деп бағалаған, болашақта органикалық өсімді болжаған және компания тобының қаржылық тұрақтылығының елеулі маржасын мойындаған S&P Global Ratings және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктер де атап өткен болатын.Компания тобының 2022 жылдың қорытындысы бойынша аудиттен өтпеген шоғырландырылған қаржылық есеп мәліметтері, оның ішінде 2022 жылдағы қиын жағдайда табыстың және таза кірістің өсуі халықаралық сарапшылардың бұл бағасына дәлел болады», - деп баса айтты «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директоры Людмила Атамұратова.
Еліміздің ірі телеком-операторының және оның еншілес құрылымдарының ағымдағы жылға жоспарлары мен мақсаттарының бастысы елде бесінші буындағы ұялы байланыс желісін іске қосу болып саналады.Желтоқсан айында «МТС» ЖШС және «Кселл» АҚ ұсынған операторлар консорциумы жиілік аукционында жеңіске жетіп, байқау шарты бойынша компаниялар 2027 жылға дейін еліміз бойынша 7 мыңнан астам 5G базалық станцияларын орнатуға міндетті, олардың ішінде 486 базалық станция Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 2023 жылы іске қосылмақ.
Бұдан басқа «Қазақтелеком» АҚ «AzerTelecom» бірлесіп ағымдағы жылы «Әзірбайжан-Қазақстан» бағыты бойынша Каспи теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы күрделі халықаралық жоба бойынша жұмысты жалғастырмақ. Бүгінгі күні HLD (high-level design) болашақ суасты желісінің жоғары деңгейлі дизайнәзірленіп,жобаны жүзеге асырудың толық жол картасы бекітілді, ал зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Каспидің түбімен «оптика»құрылысы басталады. Негізгі маршрут Ақтау қаласынан әзірбайжанның Сиазань қаласына дейін салынып, 340 шақырымнан аспақ, ұзындығы шамамен 330 шақырым болатын резервтік арна қазақстандық Кұрық портынан Бакудың маңындағы Бузон портына дейін тартылмақ.
«Транскаспилік жоба Қазақстан үшін стратегиялық маңызды деп есептеймін, өйткені оның жүзеге асырылуымен біз халықаралық трафикке шығуға және Азия елдерінен Қазақстан аумағы бойынша және суасты желі арқылы Әзірбайжанға дейін одан әрі Грузия арқылы Қара теңізге, Болгарияға Еуропаға шығатын жаһандық трафикті тасымалдауды қамтамасыз ететін жаңа арнаға қосымша мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, бұл жоба жаңа цифрлық телекоммуникалық дәлізді құруды жеделдететін драйвер болып, мәлімет таратудың жоғары жылдамдықты және қорғалған инфрақұрылымды дамытудың одан да жоғарыдеңгейіне шығуға, сауда және басқа байланысты нығайтуға көмектеседі», - деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ операциялық тиімділік жөніндегі бас директоры БерікБитабаров.
Компанияның ағымдағы жылға жобалар жинағына желіні дедупликация жасау бағдарламасы аясында республиканың 9 қаласындағы 25 мыңнан астам тұтынушыны қамтитын, қазақстандық абоненттерді мәлімет таратудың ескірген ADSL технологиясынан оптикаға көшірудің ауқымды жобасы кірді. Сондай-ақ еліміздің ірі телеком-операторы Akamai, Facebook, Google, Cloudflare, Netflix және Meta әлемдік контент-провайдерлердің мәліметтерін сақтайтын қосымша серверлерді орнатуды көздеп отыр. Бұдан басқа «Қазақтелеком» өзінің желілік инфрақұрылымын кеңейтіп, GPONтехнологиясы арлықы көпқабатты үйлер тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен, жеке сектордағы және облыс орталықтарына жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарын FWA технологиясымен – белгіленген сымсыз байланыспен қамтамасыз етуді жалғастырмақ; республика бойынша 160 мыңға жуық жеке үйлерді FWA бойынша заманауи телеком-қызметтерге және сервистерге қосу үшін алдағы екі жылда «Қазақтелеком» 300-ден астам базалық станция орнатуды жоспарлауда.