Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Аягөз ауданының бірден алты ауылында интернет желісі жаңартылды

16-02-2023, 15:28 Думан Кенжеғазыұлы

Өткен жыл бойына «Қазақтелеком» телекоммуникация желілерін қайта құру жобасын жүзеге асыру аясында «радиокөпір» технологиясының арқасында жаңадан құрылған Абай облысының Аягөз ауданының бірден алты ауылының тұрғындарына жаңа цифрлық мүмкіндіктер ұсынды. Бидайық, Қорық, Қосағаш, Өркен, Сары-Арқа, Байқошқар, Мәдениет ауылдарында желі жаңартылды.

«Радиокөпір» - қаржылай шығынды және кабелдік оптикалық желіні тарту техникалық тұрғыдан мүмкін болмаған жерлерде тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік беретін тиімді әрі жедел шешім.Клиенттерді аталған технология бойынша қызметерге қосу барынша аз уақытта - 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылып, бұған дейін осы ауылдық елді мекендерде қолданылған технологиялардың интернет жылдамдығысекундына 2 Мбит болса, енді ол 20 Мбит-ке дейін артып тұрғындарға жылдамдықты интернетке қосылады.

Мәлімет таратудың жаңа желісі салалық антенналар арқылы ұйымдастырылған: сигнал жіберетін радиокөпірдің негізгі діңгегі ауылдағы ең биік ғимараттың төбесіне немесе сол жердегі биік қырға, ал сигналды қабылдайтын шағын өлшемді бағыттауыш антенналар тұтынушы баспанасыныңшатырына не болмаса қабырғаға орнатылады. Осы қабылдағыш антеннадан сигнал үйдің ішінде орналасқан және гаджеттерге тарататын роутерге барады. Осылайша радиусы 5 шақырымға дейін жететін шеңберлі жабын қамтамасыз етіледі.

«Компания қызметтердің сапасы мен пайдаланудың ыңғайлығы бойынша тұттынушы сұранымын қанағаттардыруды басты басымдылық деп біледі. Тек сенімді инфрақұрылым мен уақытылы жаңарту бұған кепілжәне негіз бола алады. 280-нен астам клиент «Қазақтелеком» ұсынған «жаңартылған» интернетті таңдап, оның арқысында цифрлық мүмкіндіктер аясының кеңейгенін атап өтті», - дейді «Қазақтелеком» АҚ Шығыс өңірдегі В2С сегментінің коммерциялық директоры Ерлан Исанов.

Аталған ауылдық елді мекендерде ракөпір орнатылғаннан кейін біртіндеп бір қатар АТС, соның ішіндеCDMA-450 базалық станциясы босатылып,қолданыстан шығарылды. CDMA технологиясын 2008-2013 жылдары телеком-оператор елдің ауылдарын телефондандыру және интернетке қосу үшін кең қолданды. АТС сөндірумен қатар телеком-оператор желі жұмысын қамтамасыз еткен көлемді жабдықтар орналастырылған ғимараттар мен бөлмелерді босатты.

«Желіні жаңарту компания клиенттері үшін қызметтердің сапасын жақсартуға, сонымен қатар бұрын қолданылған инфрақұрылыммен қол жетімсіз болған жаңа цифрлық сервистерді ұсынуға бағытталған. CDMA-450 базасында сымсыз мәлімет тарату технологиясы ауылдықтардың интернет жылдамдығына қатысты сұранысты қанағаттандырмайтын. Ағымдағы жылы желілік инфрақұрылымды жаңартудыңауқымы кеңейтіліп республиканы қамтымақ. Радиокөпірлерді орнатып, телеком-оператор ескірген және құқыққорғау органдарының жедел іздестіру шараларының функцияларын қамтамасыз ететін техникалық құралдар жүйесінің жұмысын қолдамайтын АТС қолданыстан шығарды», - деп ой бөлісті «Қазақтелеком»АҚ ««Желі» дивизионы» бірлестігінің қатынау желісі жөніндегі директоры Ғазинұр Райымханов.

Өз желілерін ауқымды жаңартуды телеком-оператор ауылдық жерлерде ғана емес қалаларда да жүргізеді. Мыс желіден шығу бастамасы бірнеше жылға қарастырылып, қайта құру «Қазақтелекомның» өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Республиканың өңірлерінде ADSL технологиясын пайдаланудан толықтайбас тартуды және бүгінгі күні 87 мың шақырымнан асатын «оптиканың» ұзындығын 54 мың шақырым мыс желіні ауыстыру арқылы арттыруды компания өзінің стратегиялық басты мақсаттарының бірі деп есептейді.

Естеріңізге салсақ, мыс технологиясын пайдаланудан толықтай шығарылған Қазақстандағы алғашқы «моноқала» Абай облысындағы Курчатовты мысалға ала отырып, компания басшылығы бұл бастаманы еліміздің басқа өңірлерінде қолдану туралы шешім қабылдады. Жақын арада ұқсас технологиялық өзгерістерТүркістан, Степногорск, Хромтау, Ақсай, Ақтау, Жаңаозен, Ақсу қаларының желілерін де қамтымақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив