Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жайлы мектеп: әр тасы отандық материалдан соғылуы тиіс

22-04-2023, 18:25 Думан Кенжеғазыұлы

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жұмыс барысын Парламент Мәжілісінің депутаттары «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында талқылады. Барлық 401 мектепке жиһаздың қажеттілігі 1,5 млн бірлікті құрайды. «Атамекен» ҰКП мәліметтері бойынша, осы саладағы жетекші 10 кәсіпорынның жылдық қуаты (төленген салық көлемі бойынша) 3 млн бірліктен астам мектеп жиһазын құрайды. Бұл көлем 3 жылдық қажеттілікті бірнеше есе жабады.

Жиында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов  отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алу мониторингінің механизмдерін қарастыру, елішілік құндылығы бойынша нақты KPI белгілеуді, сонымен қатар құрылыста отандық өнімді пайдаланбаған мердігерлерге айыппұл салу қажеттігін атап өтті.

«Жобаны іске асыру негізінен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатынын ескерсек, бірінші кезекте жергілікті өндірушілерді тарту қажет деп санаймыз және қандай да бір өнімнің елде өндірісі болмаған жағдайда ғана шетелдік өнімдерді пайдалану қажет», –  деді Мақсат Қиқымов.

Сондай-ақ спикер жайлы мектептер үшін жиһаз өнімдерімен жабдықтау бойынша бірыңғай талаптарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының барына қарамастан, техникалық тапсырманы бекіту бойынша нақты шешімдер әлі қабылданбағанын атап өтті.

Мұны ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Қанат Ибраев та растады.

«Оқу-ағарту министрлігі жиһаздың техникалық тапсырмасы бойынша жұмысты пысықтады. «Самұрық-Қазынадан» келген әріптестерімізге бұл техникалық тапсырманың қажет екенін дәлелдеуге тура келеді. Тіпті мұғалімдердің өзі  30 жылда алғаш рет мектепте қандай жиһаз болуы керек екеніне назар аудара бастаған. Олар өзі ұсыныстарын берді. Біз бұл жиһазды технологиялық тұрғыдан өндіре аламыз», – деді спикер.

Еске салсақ, ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес «жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірыңғай оператор ретінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бекітілді.

Өңдеу өнеркәсібі одағының төрағасы Марат Бакқұлов «Атамекен» ҰКП-ның нақты KPI мен айыппұлдарды белгілеуге қатысты позияциясын құптады.  Сонымен қатар, санкцияларға байланысты ресейлік тауарлар «сападан төмен, бірақ арзанырақ» болады. Бұл жайт ресейлік өндірушілердің Қазақстандық нарыққа шығуына әкелуі мүмкін.

«Қазір кезде «жайлы мектеп» жобасы үшін айтылып жатқан материалдарға деген қажеттілікті, негізінен, барлық сала мамандары 100%-ға игере алады. Бұл жерде ешқандай проблема жоқ. Жалғыз қауіп рубль бағамының төмендеуінде болуы мүмкін. Қазір көптеген ресейлік өндіруші санкцияларға ұшырады. Олар өз өнімдерін арзандатуға мәжбүр, олардың өнімдері сападан төмен, бірақ арзанырақ болады. Сондықтан қазір олардың ахуалы, экономика жағдайына байланысты олардың материалдары осында келуі мүмкін деген қауіп пен қатер бар», – деді спикер.

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау депутаттар «жайлы мектеп» жобасын іске асыруды бақылауға алып, өз ұсыныстарын ҚР Үкіметіне жолдайтынын айтты.

«Біз Үкіметтің назарын осы мәселеге аударып, тиісті жұмыс үшін KPI қойып, оған ұмтылғымыз келеді. Біз өз әйнегімізді шығара бастаған күн де туды. Біз жеке өндіріс жайында көп жыл бойы армандадық және бұған дейін көптеген қиындықтан өттік. Жайлы мектептердің әр тасы қазақстандық тастан, шыныдан, екі қабатты терезелерден, профильдерден және басқа да материалдан болуы керек деп санаймын. Біз мұны жүзеге асыра аламыз, ең бастысы – ынта. Осы тезистердің барлығы жинақталып, Үкіметке ұсыныс ретінде ұсынылатын болады», – деді Альберт Рау.

Анықтама:

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық жоба ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы қаулысымен бекітілді.

Жоба көмегімен мектепте үшінші ауысымды толығымен жою және 225 мыңға жуық оқушы орындарының тапшылығын еңсеру жоспарланған.

Осы жобаны іске асыру бойынша бірыңғай оператор ретінде «Samruk-Kazyna Construction» бекітлді.

Жобаны іске асыруға Ұлттық қор қаражатынан 2,6 трлн теңге бөлінді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив