Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Отбасын қолдау орталығында жаңа жылдық кездесу өтті

25-12-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Отбасын қолдау орталығында Жаңа жыл мерекесіне арналған кездесу өтті. Іс-шараға қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы, ата-аналар мен балалар қатысты.

Аталған орталық биыл Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен ашылған. Мекеме әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Кездесу барысында қала әкімі жиналған қауымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Сіздерді шаттық пен қуанышқа толы Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл өмірлеріңізге жаңа үміт, жаңа арман, жаңа мақсаттар әкелсін. Алар асуларыңыз көп болып, білім жолында талмай ізденіп, әрбір бастаған істеріңіз сәтті аяқталсын. Жаңа жыл сіздерге бақыт, береке, мол жетістік пен жарқын болашақ сыйласын!» – деді Әділет Нұрсағатұлы.

Іс-шара соңында концерттік бағдарлама ұсынылып, балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив