Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
512.81 604.19 6.57

Абай облысында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары белсенді жүргізілуде

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен әскери-патриоттық жұмыс бойынша республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Жиында Абай облысы әскери-патриоттық жұмыс бойынша еліміздегі көшбасшы өңір ретінде атап өтілді. Кеңеске бейнережимде қатысқан облыс әкімі Берік Уәли 2025 жылы әскери-патриоттық тәрбие бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Облыста әскери-патриоттық тәрбие беру және әскери қызметтің беделін арттыру бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыс жүргізілуде. Аталған жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында үйлестіру кеңесі құрылды.

«Президент Атыраудағы Ұлттық құрылтай жиынында бірқатар құндылықтарды оқу үдерісіне кеңінен енгізу, Қарулы күштердің әскери-патриоттық шараларына арқау ету туралы тапсырма бергенін білесіздер. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының бағыттары, қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес 2025 жылы өңірімізде жоспарлы түрде Қарулы күштер және басқа әскери құрылымдар, жауапты мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен шаралар ұйымдастырылды. Аталған тұжырымдаманың іс-қимыл жоспары мен нысаналы индикаторларын орындау үшін биыл облыста мектеп пен оқу орындарындағы тәрбие, жастарды жұмылдыру, әскери және азаматтық өмірді етене араластыру мақсатында жастар мен жасөспірімдердің барлық категорияларын, тиісті мекемелерді қамтып, түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге, ақпараттық жұмысқа ден қойылды», – деді аймақ басшысы.

Облыстың білім беру мекемелерінде 255 алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі қызмет атқарады. Оның ішінде 68-і – офицер, 156-сы – сержанттар мен қатардағы жауынгерлер. Педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында 232 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Өңірдегі барлық орта білім беру мекемелерінде «Ерлік сабақтары» өткізілді.

Қазіргі таңда облыстағы «Жас сарбаз» жасөспірімдер қозғалысына 7047 оқушы қатысады. Аталған қозғалыс құрамындағы түрлі үйірмелер мен сыныптарға салалық бағыттарына сәйкес Шығыс өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық Ұлан әскерлері, Төтенше жағдай департаменті сияқты органдар жетекшілік етуде.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны биыл Ақтөбе қаласындағы «Айбын» полигонында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өтті. Алты ел қатысқан дүбірлі додада Семейдегі облыстық Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы мектеп-лицейі бас жүлдені, «Абай қырандары» құрама командасы бірінші орынды жеңіп, Мемлекет басшысының қолынан марапат алды. Сондай-ақ, жеңімпаздарымыз  дәстүрлі «Жалынды жас патриот» төсбелгісімен марапатталды.

Жалпы, облыста «Қазақстан армиясының бір күні», «Айбын», «Алау», «Абай мергені» сайыстары, «Jas Sarbaz Chess Cup» шахмат турнирі, «Қалқан» қысқы спартакиадасы, патриоттық әндер фестивалі сияқты патриоттық шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, қоғам тарапынан ерекше қолдау тауып келеді.

Биыл облыста жауынгерлік даярлықта жоғары нәтиже көрсеткен 54 азамат тиісті грантқа ие болды. Мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салу қаладағы тарихи нысандар мен оқу орындары базасында өткізілді. Абай облысы бойынша әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив